Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Қайнар бекінісі
Орналасқан жері: орта ғасырлық, Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде.
Ескерткіштің сипаттамасы: ҚР БҒМ АИ- ның Батыс Қазақстан археол. экспедициясы 2000 ж. зерттеген. Бекініс үстірт шың-кемерінің тарылып келетін мойнағында орналасқан. Тастан қаланған қабырға доғалданып бір сілемнен екіншісіне қарай созылып жатыр. Қаландының ені 2 м. ұлутастар еш байланыстырушы қоспасыз 2 қатар етіп өріліп, арасы бос топырақпен толтырылған. Қабырға қаландысы жақсы сақталған. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Дерек көзі: ҚР БҒМ Батыс Қазақстан археол. экспедициясы барлау жасағының 2000 ж. жұмыстары жөніндегі есебі. Алматы, 2001 ж. ҚР БҒМ Археология институты мұрағаты. Т.Н. Лошакова
Оқылған саны: 164


