Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қайнар бекінісі

Орналасқан жері: орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. 

Ескерткіштің сипаттамасы: ҚР БҒМ АИ- ның Батыс Қазақстан археол. экспедициясы 2000 ж. зерттеген. Бекініс үстірт шың-кемерінің тарылып келетін мойнағында орналасқан. Тастан қаланған қабырға доғалданып бір сілемнен екіншісіне қарай созылып жатыр. Қаландының ені 2 м. ұлутастар еш байланыстырушы қоспасыз 2 қатар етіп өріліп, арасы бос топырақпен толтырылған. Қабырға қаландысы жақсы сақталған. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Дерек көзі: ҚР БҒМ Батыс Қазақстан археол. экспедициясы барлау жасағының 2000 ж. жұмыстары жөніндегі есебі. Алматы, 2001 ж. ҚР БҒМ Археология институты мұрағаты. Т.Н. Лошакова 


Оқылған саны: 161

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112